Нәтижелі келіссөз жүргізді
Нәтижелі келіссөз жүргізді
281
оқылды
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев жұ­мыс сапарымен Абу-Дабиге барды. Сапар аясында Abu Dhabi Ports бас директоры Мохамед Джума Аль-Шам­симен кездесу өткізді. Сапар барысында басқарма төрағасы 2012 жылы пайдалануға берілген Abu Dhabi Ports компаниясының Khalifa терең теңіз портына, сондай-ақ теңіз операция­ларын қолдау базасына барды. Кездесуде тараптар теңіз және жағалаудағы жүк та­сымалы, Каспий аймағындағы сауда флотын дамыту және инвестиция тарту сала­сындағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективасын талқылады. Мағзұм Мырзағалиев Сонымен қатар ҚМГ мен Abu Dhabi Ports Каспий теңізіндегі ірі теңіз мұнай-газ жобаларына қызмет көрсету бойынша ынтымақтастық орнату мүмкіндіктері талқыланды. Айта кету керек, Abu Dhabi Ports (ADP) – Біріккен Араб Әмірліктерінің аймақтағы порт, өнеркәсіптік және логистикалық операторы, өз портфелінде Абу-Дабидің әртараптандырылған эко­номикасының негізгі секторларын қамти­тын ірі кәсіпорындар бар ең ірі холдинг компаниялардың бірі. ADP БАӘ мен Гвинеяда 11 порт пен терминалға (контей­нер­лік, жалпы жүктер, Ро-Ро, круиздік), сондай-ақ 550 шаршы километрден астам өндірістік аймақтарға иелік етеді. Бұл өз кезегінде сауданы жеңілдетіп, Абу-Дабиді бүкіл әлеммен байланыстыруға септігін тигізеді. Ал порт кластерінде Абу-Даби, Зайед, Халифа, Мусаффа, Мухаррак, Сила және басқа да порттар бар.