Кеше кешке де шекара маңайында 5 балдық жер сілкінісі болған еді. Жерасты дүмпуі Қазақстанда алматылықтарға да сезілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Бүгін Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі тағы да жер сілкінісін тіркеді. «Қазақпараттың» дерегінше, жер сілкінісі Алматы уақытымен 29 желтоқсан 1 сағат 17 минутта болды. Зілзала ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 258 шақырым жерде, Қытай мен Қырғызстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 10.5. MPV тербелісі – 5,1. Тереңдігі – 20 шақырым. Жерасты дүмпуі Алматыда сезілген жоқ.