Мемлекеттік мекеменің бухгалтері алаяққа 25 миллион теңге аударған

Мемлекеттік мекеменің бухгалтері алаяққа 25 миллион теңге аударған

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының тұрғыны алаяққа 25 миллион теңге аударған, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Polisia.kz-тің дерегінше, 58 жастағы мемлекеттік мекеменің бухгалтері алаяққа қомақты қаржы аударған. Әйелге белгісіз біреу қоңырау шалып, оған 3 миллион теңге несие мақұлданғанын хабарлаған. Кейін белгісіз адам әйелге несиені криптовалютаға салуды ұсынған. Бухгалтерге «криптовалютаға инвестиция салу» ұнағаны соншалық, әйел барлық жиналған 25 миллион теңгесін алаяққа аударып жіберген. Полицейлер банк қызметкерлері клиенттерге мұндай сұрақтармен ешқашан қоңырау шалмайтынын ескертеді. Қандай жағдайда да бейтаныс адамдарға үшінші тараптың есепшотына ақша аударуға болмайды.