Өткен бір тәулікте елімізде 263 адамнан коронавирус, 18 адамнан пневмония анықталды. Вирустан бір адам көз жұмды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 29 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 2729 адам коронавирустан (-2578 + және 151 КВИ-) емделуде, оның ішінде, 256 пациент стационарда, 2473 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 7 адамның жағдайы ауыр;
- 6 пациенттің жағдайы өте ауыр;
- 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.