Жаңа жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы тағы да көбейеді
Жаңа жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы тағы да көбейеді
Фото: 7kun.kz
465
оқылды
2023 жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы тағы да көбейеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Қаңтарда тағы 25 пайызға артады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты.
«Президенттің қолдауымен педагогтердің жалақысы 2023 жылғы қаңтарда тағы 25 пайызға артады. Сонымен қатар мұғалімдердің кәсіби құзыретін арттыруға ерекше назар аударылады. 2021 жылдан бастап педагогикалық жұмысқа тұру үшін сертификаттау енгізілді. Сондықтан енді жұмысқа тұру үшін диплом жеткіліксіз, міндетті түрде өз пәні және әдістеме бойынша тестілеуден өту қажет», – деді министр.
«Қазақпараттың» жазуынша, биыл республикалық бюджеттен мұғалімдердің жалақысын көбейтуге, оларға біліктілік санаттары, магистр дәрежесі үшін қосымша ақы төлеуге және денешынықтыру мұғалімдерінің сабақтан тыс сабақ өткізуіне 1,2 триллион теңге (2,5 млрд доллар) бөлінді.