Қоғамдық қабылдау: «AMANAT» өңірдегі өзекті мәселелерді шешті
Қоғамдық қабылдау: «AMANAT» өңірдегі өзекті мәселелерді шешті
3,771
оқылды
Бүгінгі таңда аманаттықтар өңір-өңірдегі жұртшылықтың мәселесін тыңдап қана қоймай, шешімін тауып, барынша көмектесіп жатыр. Соның айғағы ретінде республика бойынша әрбір аймақта «AMANAT» партиясының өткен қоғамдық қабылдауының қорытындысын көрсетпекпіз. Әуелі Атырау облысынан басталық... «AMANAT» партиясы Мақат аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудандық мәслихат депутаты А.Идиятовтың қабылдауына келген Қайдарбек Тасимов және Марат Нұрмақов Мақат және Доссор кентінің тұрғындары атынан ойын алаңшаларын салу жөнінде өтініш білдірген болатын. Осы күнде Мақат кентінде 16 мыңнан астам тұрғын болса, Доссор кентінің өзінде 14 481-дей тұрғыны мекен етеді. Олардың айтуынша, Доссор кентіндегі ойын алаңшалары ескіргені соншалық, тіпті балалардың қауіпсіз ойнауына мүмкіндік емес. Сондықтан бұл мәселенің шешімін шешуін сұраған. Amanat Жалпы, бұған дейін де бұл мәселе бірнеше мәрте көтерілген екен. Соған орай «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты «AMANAT» партиясы Мақат аудандық филиалының Сайлауалды бағдарламасына енгізілген. Оның үстіне, аудандық мәслихат депутаттары Сайлауалды бағдарламаның жүзеге асырылуы, балалардың қауіпсіз ойыны, денсаулығын жолында әсіресе аудан орталығы Мақат кентінде осындай ойын алаңдарының болғанын құптап, бюджеттен қаржы бөлуге ұсыныс енгізген болатын. Сөйтіп, Мақат кентінен жергілікті бюджет есебінен С.Мұқашов, Газшылар ықшамауданы және Бостандық көшесінен ойын алаңшалары салынды. Оған қоса, Доссор кентінде «Ембімұнайгаз» АҚ-ына ұсыныспен шығып, мұнайшылардың демеулшілігімен тағы да 2 ойын алаңшасы салынып, пайдалануға берілді. Amanat Атап айтар болсақ, айтылған өтініштердің басы-қасында жанашыр болып, бюджеттен қаржы бөлуге, қажетті жерінде демеушілер тарып, өзі де қалыс қалмай бар жұмысты аяғына дейін жеткізіп, 5 ойын алаңын іске қосу жұмыстарын ұйымдастырған Мәслихат депутаты А.Идиятов еді. Тіпті, ол Доссор кентіндегі ойын алаңшасына өз қаражатына Тутұғыр орнатқан болатын. Бүгінде Мақат пен Доссор кентінің жергілікті жұртшылығы аудандық партия филиалына, А.Идиятов бастаған аудандық мәслихат депуттаттарына ризашылығын білдіруде. Тағы бір елдің ризашылығына бөленген аймақ – Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Ұланбел ауылы. жергілікті яки, «AMANAT» партиясы Мойынқұм аудандық филиалы осы елді мекендегі көпбалалы ата-аналарға қолқамыс етіп, мектепке қажетті құрал-жабдықтар мәселесі шешіп берген екен. Өйткені Ұланбел ауылындағы көпбалалы ата-аналар партия мүшесі Абасов Еркебұланға келіп, мектепке қажетті киім-кешек жоқтығын айтып, көмек беруін сұраған. Сөйтіп, аманаттық Абасов Еркебұлан екі бірдей отбасының балаларына мектепке қажетті құрал-жабдықтар, қажеттігі материалдармен көмек көрсетті. Amanat Сол өңірдегі Талас ауданы, Қаратау қаласындағы «AMANAT» партиясы Талас аудандық филиалында маслихат хатшысы Қадырбек Садубаев жеке қабылдауын өткізіп, тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдаған болатын. Қабылдауда болғанның бірі – Қаратау қаласының тұрғындары Күлсерек Тоқтыбайұлы, Аида Молдашова. Аида Молдашованың айтуынша, жұмысқа орналасуға көмек сұрап келіпті. Мәселесін тыңдаған Талас ауданың маслихат хатшысы Қадырбек Садубаев оның мектепке кіші қызметкер ретінде жұмысқа орналасуына көмектесіп, білікті маманның бірі болуына ықыласын білдірді. гін көрсетті. Өтініш иесі өз ризашылығын білдірді. Осындай «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдауы Жамбыл аудандық филиалының атқарушы хатшы Мадияр Самбетов өткізді. Сонда Аса ауылының тұрғыны өзінің күнкөрісінің қиындып, жұмыссыздықтың салдарынан отбасын асырай алмай отырғанын жеткізген. Сөйтіп, Мадияр Әбілханұлы өтініш иесінің мәселесін өз бақылауына алып, бос жұмыстар орнын қарастырып, Жамбыл ауданына қарасты Мақтаарал кафесіне жұмысқа тұруына көмектескен екен. Тағы бір оң шешімін тапқан мәселе – Маңғыстау облысында. Нақтырақ айтсақ, «AMANAT» партиясының Жаңаөзен қалалық мәслихатының депутаттары Асқар Ноғаевке «Арай» шағын ауданы, Ғ.Айдаров көшесінің (1 көше) тұрғындары жалпы ұзындығы – 1000 метр, ені – 3 метрлі салынғалы жатқан тас жолдың құрылысына қатысты алаңдаушылығын білдірді. Одан қалса, тұрғындар жол қауіпсіздік шараларын алу үшін жаңа салынғалы жатқан автожолды көшенің орта тұсынан жүргізуді және Ғ.Айдаров, Н.Марабаев көшелерінің қиылысы жаяу жүргіншілер мен автокөлік жүргізушілерге өте қауіпті екенін алға тартты. Сәйкесінше, Асқар Ноғаев тұрғындардың аманатын арқалап, қала басшылығына жолдаған болатын. Осы мәселеге жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасары Ж.Қайнарбаев жедел түрде комиссия құрып, сол көшенің аумағын зерттеді. Бүгінде тұрғандардың өтініші қанағаттандырылып, азаматтардың өтініші құрылыс жүргізу барысында ескерілетін болады. Сонымен қатар, «AMANAT» партиясының Жаңаөзен қалалық мәслихатының депутаттары Орынбасар Сейдов мен Асқар Ноғаев Шымкент қаласында өтетін жайдарман ойындарына баратын азаматтарға көмек көрсетті. Жергілікті команда «Жайдарман» премьер лигасының жартылай финалына өткен болатын. Қыркүйек айының 12-19 аралығында Шымкент қаласында өтетін сайысқа қатысатын жайдарман ойыншыларына қаржылай көмек көрсетіп, сәттілік тіледі. Amanat Бұл жағынан Шымкент қаласы да құр алақан емес. «Amanat» партиясы Абай аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне көмек сұрап бір адам хабарласқан. Оның айтуынша, өзі Абай ауданы Солтүстік-Саясжай елді мекенінің тұрғыны. Есімі – Мақсат Өмірзақ. Ол елді мекенді сапалы электр жарығымен қамтуға өтініш білдіріпті. Жалпы, осы күнге дейін Шымкент қаласы бойынша 81 елді мекеннің 73 сапалы электр жарығымен қамтылған, қалған 8 елді мекенді электр жарығымен қамту бойынша жұмыстар биыл жүргізілетіні жеткізілді. Соның ішінде Абай ауданы бойынша Жаңаталап және Солтүстік – саяжай елді мекендерін сапалы электр қуатымен қамту бойынша құрылыс жұмыстары жүргізіліп, жаңа электр бағаналары мен қосымша қуатты трансформаторлар орнатылды. Қазіргі таңда абоненттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр екен. Екіншіден, Еңбекші аудандық партия филиалына сол ауданның тұрғындары атынан Абен Мейіржан келіп, аудандағы Тастақ көшесінің жолдарына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуді сұраған. Сөйтіп, оның мәселесін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық, Еңбекші аудандық филиалының төрағасы Досбол Есілбек толыққанды танысып шықты. Мәселені қарай келе, Еңбекші ауданының әкімі Есілбек Күздікбайұлының және қалалық жолаушылар көлігі және автомабиль жолдары басқармасының ықпалымен «Оңтүстік ғимарат» ЖШС-і тарапынан жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болып шешті. Нәтижесінде, 2022 жылдың қараша айы бойынша Еңбекші аудандық Тастақ көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальт қабаты төселінді.