Таразда қоқыс жәшігінің жанынан шала туған нәрестенің мәйіті табылды
Таразда қоқыс жәшігінің жанынан шала туған нәрестенің мәйіті табылды
© biologos.org
1,294
оқылды
Таразда қоқыс жәшігінің жанынан шала туған нәрестенің мәйіті табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«29 желтоқсан күні сағат 11.30-да Тараз қаласының полициясына Байзақ батыр көшесіндегі қоқыс жәшігінің жанынан пластикалық шелектен шала туған нәрестенің мәйіті табылғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына шұғыл түрде жедел-тергеу тобы барды. Сәбидің денесі Жамбыл облысының мәйітханасына жеткізілді», –  делінген хабарламада.
Қазір оның анасы кім екені анықталу үстінде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.