Аstana арнасы көрерменді жаңа контентпен қуантады
Аstana арнасы көрерменді жаңа контентпен қуантады
246
оқылды
Бұл жыл ел тарихында бірқатар маңызды оқиғамен есте қалды. Соның бәрінде де отандық медиа бұқараға барынша анық, шынайы, жан-жақты ақпарат ұсынып, билікпен арада алтын көпір бола білді. Алдағы наурыз айында 30 жылдық мерейтойын атап өткелі отырған  AstanaTV  арнасы да еліміздегі елеулі мәселелердің бірде-бірін құр жібермей, тереңінен талдап, түп-тұқиянына үңіліп, мән-астарын түсіндіріп берді.  width= Мәселен, арна Қаңтар оқиғасы жайында 4 деректі фильм, 2 арнайы репортаж, сондай-ақ өзге жанрдағы басқа да жобаларды жарыққа шығарды. Атап айтсақ, «Қаралы қаңтар»/«Январская трагедия», «Жау жоқ деме...»/«На грани», «Қаңтардағы қырғын: мәлім де беймәлім тұстары», «Непригодно к эксплуатации» деректі фильмдері көпшілікке жол тартты. Қақтығыс кезінде дүкен тонап, шағын бизнеске зардап шеккізген морадерлер туралы  «Көше. Анархия. Тәртіпсіздік»/«Криминальный беспредел», қарапайым тұрғындарды қорғап, басын қатерге тіккен азаматтар жайлы «Ел тірегі»  арнайы репортаждары әзірленді. Сондай-ақ «AstanaTIMES» бағдарламасы қаңтар айында күніне 3 рет эфирге шығып, елдегі ахуал жөнінде ақпараттандырып отырды, бүгінге дейін осы тақырыпта екі тілде 500-ге жуық материал жарық көрді. Бұдан бөлек, арнадағы «Айтарым бар» бағдарламасы «Қаралы қаңтар: алғашқы ресми мәлімдемелер» тақырыбына арналды. Жоба аясында тілшілер «Неге оқиғаға теракт деген баға берілді?», «ОДКБ миссиясын кіргізуіне негіз болған не?», «Қаза тапқандар тізіміне қатысты қандай деректер бар?», «Тұтқындалғандардың терактіге қатысы бар ма?», «Ақпарат тарату мен коммуникацияда қандай проблема бар?», «Митинг өткізу мәдениеті, саяси мәдениет қалыптастыру үшін не істеу керек?» деген сұрақтарға жауап іздеді. Арна биыл Алғыс айту күнінде де көрерменге пайдалы контент ұсына білді: бұл күні қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Тікелей эфирде бірнеше сағат бойы Түркістан облысының тұрғыны, көпбалалы ана Ұлжалғас Досыбаеваға көмек ретінде қаржы жиналды. Бір баласы жарымжан, жолдасы инсульттан төсек тартып жатып қалған, басында баспанасы жоқ кейіпкерге халық 22 млн теңге шамасында қаржы жинап, Шымкент қаласынан жер үй алып берді. Сонымен қатар  биылғы маусымда телеарна «Президент пәрмені» атты тележобаны іске қосты. Бұл – отандық телевизия саласында  Screen LIVE  форматындағы тұңғыш бағдарлама. Ол еліміздің әлеуметтік-экономикалық  дамуына қатысты Мемлекет басшысының тапсырмалары мен бастамаларының мән-маңызын түсіндіріп, түйткілді мәселелердің түйінін тарқату жолдарын сараптайды. Аптаның маңызды оқиғалары  SARAPTIMES  ақпараттық-сараптамалық бағдарламасына арқау болды. Бұл бағдарламада көптің көңілін күпті еткен жайттар кеңінен қамтылып, жауапты тұлғалардың жұмысы талқыланады. «Көру керек», «Жұрттың балалары» ойын-сауық  бағдарламалары, жұлдыздардың өмірінен сыр шертетін «Бақыт құшағында» жобасы да көрермен көзайымына айналды.  width= Телеарнада мемлекет тапсырысы бойынша 6 сериал түсірді. «Құрақ» сериалы отбасылық құндылықтарды дәріптесе, «Сонар» және «Напарники» сериалдары арқылы көрермен тәртіп сақшыларының ерлігіне куә болады. Одан бөлек, жетімдер үйінен асырап алынып, кейіннен туған анасын іздеген азамат жөнінде «Ана», медицина қызметкерлерінің қарбалас әрі ауыр жұмысы жайлы «Бас дәрігер», кезінде көпшілікке қиянат жасап, кейін сол қателіктерін түзететін кісінің тағдыры туралы «Ангел-хранитель» телехикаялары эфирге шықты. Әлеуметтік желілерде де  AstanaTV  телеарнасының өз көрермені бар. YouTube желісінде оның үш арнасы, атап айтсақ, 1,5 млн-нан астам көрермен тамашалайтын жаңалықтар арнасы, телехикаялар көрсетілетін Astana TV movie арнасы, шоу бағдарламаларға арналған Astana TV SHOW арнасы желі қолданушылары жиі тамашалайтын интернет-ресурсқа айналды. Ал арнаның 840 мыңнан аса оқырман жиналған Instagram парақшасы көпшілікке жедел хабар таратып, кері байланысқа дер кезінде сауатты жауап беріп отырады. Келесі жылы телеарна сапалы отандық сериалдарды, тағдыр теперішін көрген жандарға көмек қолын созуды көздейтін әлеуметтік ток-шоуды, Қазақстанда бұрын-соңды көрсетілмеген үздік шетелдік телехияларды дүйім жұртқа паш етпек.