1-2 қаңтарда Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль пункттері жабылады

1-2 қаңтарда Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль пункттері жабылады

2023 жылғы 1 және 2 қаңтарда Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері істемейді, – деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі. «Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан  Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы өткізу пункттері туралы келісімге сәйкес, мереке күндеріне байланысты 2023 жылғы 1, 2 қаңтарда Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде тұлғаларды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайтынын хабарлайды. Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады. Тасымалдаушыларды және барлық шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз», – делінген ресми хабарламада.