«Түркістан» газетіне жазылып, iPhone ұтып алған атыраулық оқырманға сыйлық табысталды
«Түркістан» газетіне жазылып, iPhone ұтып алған атыраулық оқырманға сыйлық табысталды
295
оқылды
«Айқын – Литер» ЖШС ұйымдастырған газетке жазылушы оқырмандар арасындағы ұтыс ойынының жеңімпаздарының бірі, атыраулық Қадырбек Қалиевке iPhone телефоны тапсырылды. Қазақ газеттерінің тұрақты оқырманы Қадырбек Қалиев кітап-газет оқыған адамның білім көкжиегі кең болатынына сенімді. ​ «Қазақ газеттерін он жылдан бері оқимын. «Жұлдыз», «Жалын» журналдарынан бастап, көптеген республикалық газеттерді іздеп жүріп оқитын адаммын. «Түркістан» газетіне биыл бірінші рет жазылып отырмын. Газеттің бас редакторы Бауыржан Бабажанұлының шығармашылығын жақсы білемін. «Түркістан» газетіне бас редактордың шығармашылығын құрметтеуім себепті жазылған едім. «Телефон ұтамын» деген ой мүлде болмады. Ұтыс шықты деп, телефоныма түс мезгілінде хабарласқан кезде де сене алмай, сасқалақтадым. Теледидарды қосып, шынымен ұтыс жеңімпазы атанғанымды көргенде, қуанышым қойныма сыймады. Бұған дейін бірде-бір  лотереяда сыйлық ұтқан адам емеспін. Жалпы, кітап, газет оқу бұрыннан келе жатқан жақсы әдетім. Күнде таңертең таңғы алтыда тұрып, бір сағат кітап оқитын әдетім бар. Өзім үш баланың әкесімін. Кітап оқуды балаларыма да үнемі дәріптеп жүремін. Оқырмандар үшін ерекше сый жасаған «Түркістан» газетіне мың алғыс! Шығармашылық табыс тілеймін!», - дейді жеңімпаз Қадырбек Қалиев.

Баян Жанұзақова