Алматы қаласының Алатау ауданында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 5 мектеп салынады. 1800 орындық мектеп «Саялыда», 1500 мектептер «Томирис», «Нұркент», Дархан мен Рахат ықшамаудандарында бой көтереді. Сонымен қатар «Нұркентте» оқушылар сарайының да құрылысы басталмақ. Бұл нысандардың құрылысы осы жылдың екінші жартысына жоспарланып отыр.
Мектептерде орын тапшылығы бары рас. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін жұмыстар жүргізілуде. «Өткен жылы «Нұркентте» 600 орындық мектеп ашылып, 3 мектепке барлығы 1950 орындық қосымша ғимараттар салынды. Қазіргі уақытта Қарасудағы №164 мектепке 192 орындық қосымша ғимарат салынуда. №114 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде» деді Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков.Биыл Алатау ауданында дат сәулетшісі Ян Гейлдің бағдарламасы аясында Рысқұлов даңғылы мен Солтүстік айналмадағы көшеге көріктендіру жұмыстары жасалады. Аудандағы 414 көшенің 195 шақырымына көше шамдары орнатылады. Гүлнар ТӘЖИЕВА