Футбол аңызы Пеле өмірден өтті

Футбол аңызы Пеле өмірден өтті

Бразилиялық атақты футболшы Пеле 82 жасында өмірден өтті. Бразилия футбол құрамасында үш дүркін әлем чемпионы атанған футболшының қайтыс болғаны туралы оның қызы Instagram-да хабарлады.

– «Бізде бар нәрсенің бәрі үшін сізге рахмет. Біз сені шексіз жақсы көреміз. Тыныштықта демалыңыз», – деп жазды Келли Кристина.
Осы жылдың қараша айының соңында Пеле тоқ ішек қатерлі ісігін емдеу үшін Сан-Паулу ауруханасына түскен. Қатерлі дертке қарсы күрес мақсатында бірнеше мәрте химиотерапиядан өтті. Кейіннен денсаулығы оған қарсы тұруға қауқарсыздық танытқан. 26 желтоқсанда Пеле қайтыс болар алдында достарымен, туыстарымен және жақындарымен қоштасып, Сантос қаласындағы футбол стадионында аңызды жерлеуге дайындала бастағаны белгілі болды. Ол футболдағы алғашқы қадамын 1956 жылы Бразилияның «Сантос» командасында бастап, онда 1974 жылға дейін доп тепті. Ал 1975-1977 жылдарда АҚШ-тың «Нью-Йорк Космос» клубында ойнады. Екі команда сапында 560 кездесуде қарсыластар қақпасын 541 мәрте дәл көздеді. Ал Бразилия ұлттық құрамасы сапында 1957-1971 жылдарда 92 ойында 77 голдың авторы атанды.