Ақтөбеде жоғалған 4 жастағы баланың мәйіті табылды

Ақтөбеде жоғалған 4 жастағы баланың мәйіті табылды

Ақтөбе қаласында 4 жастағы Данил Ахуновтың мәйіті табылды. Polisia.kz-тің хабарлауынша, баланың өліміне қатысы бар деген күдікті ұсталды.

«Іздеу нәтижесінде, 28 желтоқсанда жоғалып кеткен 4 жасар Данил Ахуновтың денесінде зорлық белгілері бар мәйіті табылды. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстық істі тергеп-тексеру шеңберінде өзге ақпарат жария етілмейді», – деді Ақтөбе облысы ПД бастығының орынбасары Ғалым Байжанов.