Диана Тәшімбетова «Қазақстан аруы» атағынан айырылды
Диана Тәшімбетова «Қазақстан аруы» атағынан айырылды
Фото:instagram.com/diana.tashii
1,537
оқылды
«Қазақстан аруы» ұлттық сұлулық байқауының ұйымдастыру комитеті Диана Тәшімбетованы «Әлем аруы Қазақстан-2022» атағынан айырды. Бұл туралы ұйымдастыру комитетінің ресми мәлімдемесінде айтылған, –деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Конкурс пен оның қатысушыларына жала жабылып, атағына сызат түсірген посттар мен тікелей эфирді жариялауына байланысты осы жылдың жеңімпазы Диана Тәшімбетованы «Әлем аруы Қазақстан-2022» атағынан айырамыз. Диананың сөзі тек ұйымдастыру комитетінің мүшелері мен оның серіктестерін емес, сонымен қатар, байқаудың басқа қатысушыларын да негізсіз қаралап отыр. Біз бұны басқаларға деген үлкен құрметсіздік және басқалардың еңбегін бағаламау деп санаймыз. Қарапайым қыздардың танымал болуын қамтамасыз ету үшін жұмыс істей отырып, ұйымдастыру комитеті үлкен іс атқарып қана қоймайды, сонымен қатар, басқа мүшелер мен серіктестер алдында толық жауапкершілікті өз мойнына алады. Финалдық шоуға, пиар-компанияға, Диана Тәшімбетованы байқауға қатысуға дайындауға және оның имиджін дамытуға орасан зор қаражат пен күш жұмсалған, ал оның көрсеткен құрметсіздігі мұндай адамның еліміздің «Аруы» атағына лайық емес екенін көрсетеді. Байқауды ұйымдастыру комитеті қолдауларыңызға алғыс білдіреді және байқауға қатысушыларды бір-бірін құрметтеуге, өз сөзіне жауапкершілікпен қарауға және компания дирекциясына түсіністікпен қарауға шақырады», – делінген хабарламада.