Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заңға қол қойды, – деп хабарлады Ақорда. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады. Заң жобасы банкроттық рәсімінің 3 түрін енгізуді көздейді. Барлық рәсімді тек борышкер ғана бастай алады. Банкроттық рәсімдегенде қазақстандықтарға мына шектеулер қойылады:
- Жобада 5 жылға несиет алуды шектеу көзделген;
- Азаматтар 7 жылдан кейін ғана банкроттыққа қайта жүгіне алады;
- Банкроттықтан кейін 3 жыл ішінде банкроттың қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу көзделеді.