Бүкіл өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Бүкіл өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
1,299
оқылды
Ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды. Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ болады. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, түнде және таңертең облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда қ.: 31 желтоқсанда түнде көктайғақ күтіледі. Алматы облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Алматыда 31 желтоқсанда түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі. Қонаев қ.: 31 желтоқсанда кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі. Түркістан облысының тауларында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Түркістан қ.: 31 желтоқсанда кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі. Шымкентте 31 желтоқсанда кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Петропавл қ: 31 желтоқсанда жаяу бұрқасын күтіледі. Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, көктайғақ, тұман күтіледі. Орал қ.: 31 желтоқсанда көктайғақ, тұман күтіледі. Қостанай облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде тұман. Ұлытау облысының солтүстігінде, батысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Қарағанды облысында түнде тұман болады. Облыстың солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын, облыстың оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа жел ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Қарағанды қ.: 31 желтоқсанда кей уақытта жаяу бұрқасын күтіледі. Жетісу облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады. Шығыс Қазақстан облысында жаяу бұрқасын, жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. Абай облысында жаяу бұрқасын, жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.