Оралда үш қабатты ғимараттан өрт шықты

Оралда үш қабатты ғимараттан өрт шықты

Оралда үш қабатты ғимарат өртеніп, 2 адам құтқарылды. БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 30 желтоқсан күні сағат 19.34-те Ә.Молдағұлова көшесі, 22 мекенжайында болды.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы БҚО филиалының ғимаратында 1-қабаттағы архивте, сондай-ақ 2-қабатта өрт шықты. Оның жалпы аумағы 80 шаршы метрді қамтыды. Оқиға орнынан ғимарат күзетшісі, 40 жастағы ер адам мен оның 16 жасар қызы құтқарылды. Алдын ала диагноз бойынша орта дәрежелі газдан уланған қыз облыстық көпбейінді ауруханаға жатқызылды. «Тілсіз жау» сағат 20.18-де оқшауланып, 20.51-де толықтай ауыздықталды. Өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталу үстінде», – деп хабарлады ведомство.