Орынбор облысында тұрғын үй өртеніп, үш адам қаза тапты
Орынбор облысында тұрғын үй өртеніп, үш адам қаза тапты
272
оқылды
31 желтоқсанда Ресей Федерациясының Орынбор облысындағы тұрғын үйде өрт шығып, үш адам қаза тапты. Бұл туралы ақпарат ТЖМ өңірлік басқармасының сайтында жарияланды, - деп хабарлайды lenta.ru.
Краснополье ауылындағы үш пәтерлі жеке тұрғын үй өртке оранған. Құтқарушыларға сағат 00.35-те хабар келіп түскен. ТЖМ баспасөз қызметі №2 және №3 пәтерлердің тұрғындары үй-жайдан өз бетінше шыққанын, ал №1 пәтерден үш адамның денесі табылғанын хабарлайды. Марқұмдардың жеке басы анықталды.