Криштиану Роналдудың жаңа клубына қатысты мәліметтер пайда болды
Криштиану Роналдудың жаңа клубына қатысты мәліметтер пайда болды
Форвард Криштиану Роналдуға Сауд Арабиясындағы бір маусымдағы өнері үшін 200 миллион еуро төленеді, оның 90 миллионы португалдықтың кепіл берілген жалақысына жатады, ал қалған сома жарнамадан түсетін кірісті құрайды. Коммерциялық аударымдар қазірдің өзінде атақты футболшының өкілдерімен өзара келісіліп қойған, -  деп хабарлайды championat.com.
Роналду Әл-Наср клубымен 2,5 жылға келісімшартқа отырды. Футболшы жетінші нөмірде өнер көрсететін болады. Португалдық 2022/2023 маусымын Манчестер Юнайтедтен бастаған болатын, бірақ кейін ағылшын клубы футболшының Пирс Морганға берген резонансты сұхбатынан соң Роналдумен арадағы келісімшартты бұзды.