Қостанайға бағыт алған ұшақ Алматы әуежайына қайта қонуға мәжбүр болды
Қостанайға бағыт алған ұшақ Алматы әуежайына қайта қонуға мәжбүр болды
610
оқылды
Алматыдан Қостанайға бағыт алған FlyArystan ұшағының техникалық ақауға байланысты әуежайға қайта оралуына тура келді. «КС7141 рейсі кесте бойынша сағат 12:10-да ұшқанын хабарлаймыз. Алайда техникалық ақауға байланысты ұшақ әуежайға қайта оралды. Экипаждың уақыты аяқталды. Қосымша экипаж ұсыну мүмкіндігі болмағандықтан, рейсті тоқтату туралы шешім қабылданды», - делінген хабарламада. FlyArystan әуе компаниясының ресми ақпаратында айтылғандай, тоқтатылған рейс жолаушыларына билет құнын толықтай қайтару немесе балама рейстерге қайта броньдау ұсынылады. «Уақытылы  ұша алмаған жолаушыларға сусындар мен тамақ берілді. Сонымен қатар бос орындар болған жағдайда жолаушыларды қонақүйге қоныстандыру немесе жолаушының тұру шығынын өтеу ұсынылады», - дейді компаниядан.