Ертең бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды

Ертең бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды

 Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі.

 күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қатты қар күтіледі. Облыстың басым бөлігінде бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с.

 Абай облысының басым бөлігінде бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.

Жетісу облысының шығысы мен таулы аудандарында қатты қар күтіледі. Түнде және таңертең облыстың таулы аймақтарында тұман, көктайғақ күтіледі.

 Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Алматы қ.: 01 қаңтарда түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі. Қонаев қ.: 01 қаңтарда түнде тұман, көктайғақ күтіледі.

 Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Қарағанды қ.: 01 қаңтарда жаяу бұрқасын күтіледі.

Ұлытау облысының басым бөлігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Жезқазған қ.: 01 қаңтарда жаяу бұрқасын күтіледі.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, тау асуларында күші 15-20 м/с. Шымкент қ.: 01 қаңтарда түнде кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі. Түркістан қ.: 01 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі.

 Ақтөбе облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын, облыстың солтүстігінде, батысында тұман, көктайғақ күтіледі.

 Павлодар облысының басым бөлігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Павлодар қ.: 01 қантарда түнде және таңертең жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с.