Ресейлік экономист Аяз атаның зейнетақысын есептеп шығарды
Ресейлік экономист Аяз атаның зейнетақысын есептеп шығарды
Аяз атаның зейнетақысы 10 мың рубльден сәл ғана асады. Ресей халықтар достығы университеті Экономика факультетінің доценті Андрей Гиринский еңбек өтілін қоса есептегеннің өзінде Аяз атаның зейнетақысы 10 мың рубльден сәл ғана асатынын айтты, - деп жазды "Прайм" басылымы.
Бұл ретте ол Аяз ата жұмыс істейтін зейнеткер, сондықтан оның зейнетақысы индекстелмейтінін атап өтті. Жаңа жылдың басты символы қалалық жерде тұрмайтынын ескерсек, зейнетақы өседі, бірақ көп емес.
Ресейде 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы 4,8 пайызға өсетіні мәлім болған еді. Ол елде  ең төменгі төлем 12 363 рубль болды.