Сербияда жаңа жыл кешінде түнгі клуб суға батып кетті
Сербияда жаңа жыл кешінде түнгі клуб суға батып кетті
1,369
оқылды
Белградта түнгі клуб жаңажылдық кеш кезінде суға батып кетті, - деп хабарлайды 192.rs порталы. Басылым мәліметінше, дебаркадерде орналасқан мұндай орындар қадағалау орган тарапынан тексеру болмауына байланысты кең таралған. Клуб суға бата бастағаннан кейін келушілер сыртқа шығарылған. Эвакуация кезінде бір қыз жеңіл жарақат алды. Куәгерлердің айтуынша, түнгі клуб орналасқан платформаның жартысы су астында қалған. Кейбір келушілер мекемеден тізеге дейін суға батып шыққан.