Желі қолданушыларын тәнті еткен павлодарлық өрт сөндіруші марапатталды
Желі қолданушыларын тәнті еткен павлодарлық өрт сөндіруші марапатталды
Павлодар қаласында тұрғын үйде шыққан өртті сөндіру кезінде жанкештілігімен Қазнет қолданушыларын тәнті еткен өрт сөндіруші Марлен Әбенов "Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін" төсбелгісімен марапатталды.
 Төтенше жағдайлар министрлігінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы бұйрығымен өрт кезінде адам өмірін аман алып қалудағы ерен еңбегі үшін Павлодар қаласы №4 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы, азаматтық қорғау кіші сержанты Марлен Әбенов "Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін" белгісімен марапатталды. Марлен Әбеновке марапатты Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Шаймарденов табыс етті.
Желтоқсанның 28-і күні павлодарлық өрт сөндіруші Марлен Әбенов өрт сөндіру кезіндегі әрекетімен Қазнет қолданушыларын сүйсінтті. Ол Ломов көшесіндегі үйден шыққан өрт кезінде адамдар мен мүлікті құтқаруға белсене қатысқан.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Типичный Павлодар (@tipavlo.dar)