Қазақстаннан бірқатар мемлекетке жаңа рейстер ашылды
Қазақстаннан бірқатар мемлекетке жаңа рейстер ашылды
2,256
оқылды
ҚР Үкіметі 2023 жылдан бастап қай мемлекеттерге ұшақ қатынайтынын жариялады.
Астанадан Дохаға, Ақтау мен Шымкенттен Анкараға, Алматы мен Ақтаудан Мединаға, көктемгі-жазғы навигация кезеңінде: Астанадан Бакуге және Шымкенттен Душанбеге, Алматыдан Карачи мен Лахорға рейстер ашылады. Астана, Алматы, Ақтау, Түркістан және Атыраудан Ыстанбұлға, Астана мен Алматыдан Антальяға, Алматыдан Баку, Тбилиси, Пхукет және Мале, Дели, Чэнду, Лондон, Бодрум, Батуми, Ираклион, Подгорицаға, Астанадан Тбилиси мен Подгорицаға рейстерді ұлғайту жоспарланып отыр. Астана – Бішкек, Ақтау – Ереван, Алматы – Самарқан, Шымкент – Кутаиси бағыттары бойынша рейстер қайта ұша бастайды.