Елордада 3,5 мың отшашу атылды

Елордада 3,5 мың отшашу атылды

Елордада мерекелік отшашу ұйымдастырылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. Жаңа 2023 жылдың қарсаңында Астанада мерекелік отшашу өтті.

«Екі орыннан – Есіл өзенінің жағасындағы Кенесары хан ескерткішінің жанында және Қабанбай батыр мен Бұқар жырау даңғылдарының қиылысындағы Ботаникалық бақта ұйымдастырылды. Биіктігі: төменгі - 70 метр, орташа - 120 метр, жоғарғы - 180-210 метр. Барлығы 3,5 мың оқ атылды», - деп жазды ведомстводан.