Еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, боран соғады
Еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, боран соғады
1,639
оқылды
Қазгидрометтің хабарлауынша, мереке күндері еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, тұман түсіп, көктайғақ болады.

Жамбыл облысының батысында, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 02-04 қаңтарда облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі.

Күндіз 02, тәулік бойы 03-04 қаңтарда Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, кей уақытта 30 м/с және одан аса күтіледі.

Күндіз 02, тәулік бойы 03-04 қаңтарда Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, кей уақытта 30 м/с және одан аса күтіледі.

Түркістан облысының басым бөлігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 23-28 м/с, тау асуларында екпіні 30 м/с және одан да аса.

Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, Алакөл көлдері аумағында оңтүстік-шығыстан жел соғады екпіні кей уақытта 30 м/с және одан аса күтіледі.

 Кызылорда облысының шығысында, орталығында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, кей уақытта 30 м/с және одан аса күтіледі.

Астана қ.: 02-03 қаңтарда бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады күндіз 02 қаңтарда 15-20 м/с, 03 қаңтарда 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді.

03 қаңтарда Кызылорда облысының шығысында, орталығында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, кей уақытта 30 м/с және одан аса күтіледі.

02 қаңтарда Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда қ.: 02 қаңтарда тұман, көктайғақ күтіледі.

02 қаңтарда Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с. Шымкент қ.: 02 қаңтарда күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түркістан қ.: 02 қаңтарда таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Петропавл қ: 02 қантарда күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, күші екпіні 15-20 м/с күтіледі.

02 қаңтарда Атырау облысының батысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында және орталығында 15-20 м/с. Атырау қ.: 02 қаңтарда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

02 қаңтарда түнде Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 02 қаңтарда түнде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.