Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. Жылдық күнтізбе бойынша 365 күннің 245-і жұмыс күні болып саналып отыр. Бұл аптасына 5 күн жұмыс істейтіндерге есептелген. Белгілі болғандай, ел тұрғындары қаңтар мен наурызда ең көп демалады ( 12 күн). Ал ақпан мен қарашада 8 күн. Жыл ішіндегі демалыс күндерін былай бөліп көрсетуге болады: Қаңтарда Жаңа жылға 3 күн – 1, 2 және 3 қаңтар; наурызда 3 күн – 21, 22 және 23 наурыз; сәуір мен мамырда Қазақстан халқының бірлігі күніне 3 күн – 29, 30 сәуір және 1 мамыр, сондай-ақ Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне 4 күн – 6, 7, 8 және 9 мамыр; шілдеде жұмыс күні сенбіге ауыстырылатындықтан 4 күн демалыс болады – 6, 7, 8 және 9 шілде; желтоқсанда Тәуелсіздік күніне 3 күн – 16, 17 және 18 желтоқсан. Себебі 16 сенбіге сәйкес келеді. 2023 жылы Рождество мерекесіне қосымша демалыс берілмейді. Себебі діни мереке сенбіге немесе жексенбіге сәйкес келсе де, демалыс келесі күнге ауыспайды. Құрбан айт 28 маусымда басталады.