2023 жылы елімізден шетелге бірқатар әуе рейстері ашылады. Бұл туралы Үкіметтің Telegram-каналы хабарлады. Атап айтсақ, Астанадан Дохаға, Ақтау мен Шымкенттен Анкараға, Алматы мен Ақтаудан Мединаға, көктемгі-жазғы навигация кезеңінде: Астанадан Бакуге және Шымкенттен Душанбеге, Алматыдан Карачи мен Лахорға рейстер ашылады. Сонымен қатар Астана, Алматы, Ақтау, Түркістан және Атыраудан Стамбұлға, Астана мен Алматыдан Антальяға рейс шықса, Алматыдан Баку, Тбилиси, Пхукет, Малеге, Дели, Чэнду, Лондон, Бодрум, Батуми, Ираклион, Подгорицаға баруға болады. Оған қоса, Астанадан Тбилиси мен Подгорицаға рейстерді ұлғайту жоспарланып отыр. Одан бөлек 2023 жылы Астана – Бішкек, Ақтау – Ереван, Алматы – Самарқан, Шымкент – Кутаиси бағыттары бойынша рейстер қайта ұша бастайды.