Мақпал Жүнісова қарамағындағы жұмысшыларына көңілі толмады
Мақпал Жүнісова қарамағындағы жұмысшыларына көңілі толмады
© сурет интернеттен алынды
1,342
оқылды
Белгілі әнші Мақпал Жүнісова жаңа жыл түнінде жауған қарды күреп жүрген бейнежазбасын жариялады. Бұл жайында Экспресс К.  хабарлады. Бейнежазбаны әнші әлеуметтік желіге жүктеді. Онда жалғыз өзі жауған қалың қарды күреп жүргенін көруге болады. Тіпті қызы Мерейге қарды күреуге жеңіл болсын деп көлікпен арлы-берлі таптатқан. Әншінің айтуынша, дәл осылай көлік таптаған ақ ұлпаны тазалау жеңіл болады. «Мына жерді тазалап қойдым. Сосын Мерейге көлікпен жеңілдетіп бер дедім. Бұлар таңда ұйықтаған ғой. Күзетші мен шопырды да үйіне жібергенбіз. Енді телефондарын алмайды. Қатындарының қойнында жатқан шығар», – дейді әнші бейнежазбада. Сондай-ақ ол қар күреу денсаулыққа пайдалы екеніне де тоқталады. Әрі қимыл-қозғалыстан бір рахаттанып қалғанын жеткізді.