Геннадий Головкин «Жылдың үздік жекпе-жегі» номинациясына ұсынылды
Геннадий Головкин «Жылдың үздік жекпе-жегі» номинациясына ұсынылды
1,069
оқылды
Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) жылдың үздік жекпе-жегіне үміткерлерді жариялады. Бұл туралы Sports.kz   хабарлады. Бұл тізімге қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварестің үшінші жекпе-жегі де енді. Бұл жекпе-жекте төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен «Канело» жеңіске жеткен еді. Сондай-ақ, тізімде Джермелл Чарло – Брайан Кастаньо, Хуан Франсиско Эстрада – Роман Гонсалес, Эррол Спенс – Йорденис Угас, Себастьян Фундора – Эрик Любин, Кенширо Тераджи – Хирото Киогучи арасындағы жекпе-жектер де бар. Еске сала кетсек, Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) – WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы.