Атырау облысында жол апатынан 2 адам қаза тапты

Атырау облысында жол апатынан 2 адам қаза тапты

Атырауда жол апаты салдарынан бір жасар сәби көз жұмды. Атырау облысы полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 2 қаңтар күні сағат 11:50 шамасында Доссор-Бейнеу тасжолында орын алған. ВАЗ Priora және Toyota Alphard маркалы автокөліктері соқтығысқан. Жол апаты салдарынан ВАЗ Priora автокөлігінің екі жолаушысы көз жұмған. Бірі 1985 жылы туылған жолаушы. Екіншісі бір жасар сәби.

"Қазіргі уақытта тиісті іс-құжаттар жинақталуда" делінген Атырау облысы полиция департаменті таратқан мәліметте.

Баян Жанұзақова