Ташкент – Алматы рейсі кезінде 7 жолаушы зардап шекті
Ташкент – Алматы рейсі кезінде 7 жолаушы зардап шекті
Ташкент-Алматы рейсі кезінде жеті жолаушы жараланып, күйік шалған. Белгілі болғандай, KC 128 рейсі жергілікті уақыт бойынша сағат 14:35-те ұшты. Ұшу кезінде әуе лайнері кенеттен қатты турбуленттілік аймағына түсті. Әуе лайнері Алматыға сағат 16:45-те қонды.
«Ұшақтың экипажы жолаушыларға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Ұшқыштар әуежай қызметтеріне оқиға туралы хабарлады. Жедел жәрдем көліктері әуежайда жолаушыларды күтіп алды. Әуе компаниясы болған оқиғаға өкінеді және жолаушыларға қолдан келген көмекті көрсетеді. Оқиғаны құзырлы органдар тексеретін болады» делінген ресми хабарламада.