Алматыда құтқарушылар сауда үйінен адамдарды шұғыл эвакуациялады

Алматыда құтқарушылар сауда үйінен адамдарды шұғыл эвакуациялады

Алматы қаласында полицияға «Адем» сауда үйіне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түскен. Осыдан кейін ғимараттан адамдарды шұғыл эвакуациялады. Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаменті хабарлады. Бүгін таңғы сағат 09:59 шамасында жедел басқару орталығына «Адем» сауда үйіне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түсті.

– «Қаланың жедел және төтенше жағдайлар қызметтері алғашқы ден қою шаралары аясында ғимаратта тексеру жүргізді. Келушілер мен сауда үйінің қызметкерлері эвакуацияланды», – деді Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Ғимараттан жарылғыш зат табылған жоқ. Полиция жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған хабар таратқан адамды анықтап жатыр. Ол қылмыстық жауапқа тартылады.