Мереке күндері жедел жәрдем қызметінің жұмысы қарбалас болды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 1 қаңтарда Қазақстан бойынша жедел медициналық көмек қызметі 33 370 шақыртуды қабылдады және қызмет көрсетті, бұл – орташа көрсеткіштен 20%-ға жоғары. Жедел бірінші санаттағы қоңыраулар (мысалы, кеудедегі ауырсыну, шок, тыныс алудың тоқтауы және басқа жағдайлар) 4% болды. Жедел екінші санаттағы қоңыраулар – 23% немесе 23 575. Бұл санатқа жүрек қағысының бұзылуы, атипті ауырсыну немесе оқшауланған жарақат сияқты және басқа да шақыртулар жатады. Шұғыл үшінші санат бойынша шақыртуға ЖМК бригадалары 9,5 мыңнан астам жағдайда (28%) шықты. Ең көбі – төртінші санаттағы (созылмалы аурулардың асқынуы) қоңыраулар, олардың үлесі 45% болды.