Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Мемлекеттер басшылары бірін-бірі жаңа жылмен құттықтады. Сондай-ақ екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін жеткізді. Әңгімелесу барысында тараптар мұнай-газ және энергетика салаларындағы ынтымақтастықтың нақты мәселелерін талқылады. Телефон арқылы сөйлесуге Ресей жағы бастамашылық етті.