Сәбізге қақалған 1 жасар сәби дәрігерлердің көз алдында қайтыс болды
Сәбізге қақалған 1 жасар сәби дәрігерлердің көз алдында қайтыс болды
Фото: yandex.kz
19,315
оқылды
Батыс Қазақстанда оқыс оқиға болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Қайғылы оқиға кеше түс мезгілінде болған. БҚО Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 1 жас 7 айлық баланы анасы ауруханаға 13:20-да ес-түзсіз күйде жеткізген. Дәрігерлер балаға шұғыл көмек көрсеткенімен сағат 13:50-де көз жұмды. Балаға «Механикалық асфиксия. Тыныс алу жолдарының бөгде затпен жабылуы (Тұншығу)» диагнозын қойды. Кішкентай сәби сәбізге қақалып қалған.