Арқалық-Торғай тасжолында бірден 5 көлік жол апатына ұшырады
Арқалық-Торғай тасжолында бірден 5 көлік жол апатына ұшырады
2,817
оқылды
Арқалық-Торғай тасжолында 5 көлік жол апатына ұшырап, бір адам оқиға орнында қаза болды, – деп хабарлайды polisia.kz телеграм каналы.
– «Бүгін сағат 14:03-те Арқалық-Торғай тасжолында «Toyota» жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, бес автокөлік апатқа ұшырады. Алдымен, ол «Ниссан» автокөлігімен, одан кейін тағы үш көлікпен соқтығысқан», – деді Арқалық қаласы полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Талғат Балғожин.
«Ниссан» жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Барлығы 9 адам зардап шекті, олардың үшеуі жансақтау бөлімінде жатыр. Сотқа дейінгі тергеу басталып, қажетті сараптамалар тағайындалды.