Жамбыл облысының Сарысу ауданында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлайды.
«Сарысу ауданының Жаңатас қаласында желдің екпіні 30 м/с-ке дейін жетуде. Дауыл салдарынан Жаңатас қаласындағы шамамен 20 электр бағанасы құлаған. Желдің жоғары жылдамдығы оларды қалыпқа келтіруге мүмкіндік бермей отыр. Бағаналардың құлауына байланысты «ЖЭС» АҚ электр желілері тиісті кернеуді тарата алмауда. «Шахан» қосалқы стансасында тиісті қондырғының салқындауы орын алды. Соған сәйкес, жылумен жабдықтау жүйесінен суды ағызу туралы шешім қабылданды. Сарысу ауданы әкімінің өкімімен аудан аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды» делінген хабарламада.Аудандағы 3 мектепте жылыту пункттері дайындалды. Ауызсу кесте бойынша берілуде.