БҚО-да автокөлік суға батып кетті
БҚО-да автокөлік суға батып кетті
539
оқылды
Батыс Қазақстан облысында автокөлік су арнасына түсіп кетіп, екі адам мерт болды. Оқиға 2 қаңтар күні Ақжайық ауданы Алғабас ауылдық округі аумағында болды.
«Сағат шамамен 15.30-да Тоған ауылынан 3 шақырым жерде 1962 жылғы жүргізуші көктайғаққа байланысты «Lada Vesta» автокөлігінің руліне ие бола алмай, Бударин арнасына түсіп кетті. Жол апаты салдарынан автокөлікте отырған 1961 жылғы жолаушы әйел оқиға орнында қаза тапты. Түрлі жарақаттармен тағы екі әйел Оралдағы қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілгенімен, біреуі сонда жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды»,- деп хабарлады ведомство.