Алматы облысында жоғалып кеткен отбасының 7 мүшесі табылды
Алматы облысында жоғалып кеткен отбасының 7 мүшесі табылды
© halyq-uni.kz
4,118
оқылды
Алматы облысында жоғалып кеткен отбасы мүшелері аман-есен табылды.
"Республикалық жедел-құтқару жасағы тобы мен Қонаев қаласы жедел-құтқару жасағы бірігіп, Бартоғай су қоймасы жағынан Фесенков атындағы Астрофизика институтының обсерваториясына жетпей 40-қа жуық автокөлік табылды. Адамдардың саны анықталуда. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ. Жоғалып кеткен 7 адамнан тұратын отбасы да сол жерде екен. Көбісінің көлігінде жанармай таусылып қалған. Қазіргі уақытта құтқарушылардың күшімен автокөліктерге жанармай құю және адамдарды машиналарымен колонна арқылы эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде", –  делінген хабарламада.
Кеше Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөлімі пультіне бір отбасының жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түскен болатын.