Айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазының 16 жастағы ұлы қайтыс болды

Айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазының 16 жастағы ұлы қайтыс болды

Белгілі айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазының 16 жастағы Әлихан есімді ұлы қайтыс болды, – деп хабарлайды Экспресс К. Әлеуметтік желіде ақынның әріптестері, достары қайғысымен бөлісіп, көңіл айтып жатыр. Серікзат Дүйсенғазы отбасымен жаңажылдық мерекеге орай демалысқа барған. Сол кезде ұлы оқыста шаңғыдан құлап, қаза тапқан. Серікзат Дүйсенғазы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты. Бірнеше республикалық айтыстың жеңімпазы.