Қаралы қаңтарда 4 жасар бүлдіршін Айкөркемнің оққа ұшуы көпшілікті бейжай қалдырмаған еді. Енді соңғы күндері әлеуметтік желіде Айкөркемнің әкесі Айдос Меделханның денсаулық жағдайы елді елеңдетіп отыр.
"Айдос Меделхан (Айкөркемнің әкесі) №4 Алматы қалалық ауруханада, хирургия бөлімінде жатыр. Денсаулығы нашар, белгісіз диагнозбен, дәрігерлер оны операцияға дайындап жатыр екен, бірақ ешқандай медициналық құжатын келіншегіне көрсетпеген, диагнозын айтпаған, тек операция жасалған соң диагноз қоймақшы екен. Бұл енді сұмдық қой, медицинаның дамыған кезінде неге диагнозды анықтамайды?! Одан қалса палатасында жалғыз өзі ғана жатыр, 28 желтоқсаннан бері. Айдосқа қастандық жасауы әбден мүмкін деген ой келіп тұр. Айдостың амандығы керек, әділеттілікті орнату үшін! Қолдан келгенше дабыл қағып, Айдосты қорғайық халық болып, таратыңыздар осы постты! Палатасы 12, хирургия бөлімі, №4 қалалық аурухана Алматы қаласында", – деп жазба қалдырған Facebook қолданушысы Карима Абдрахманова.
Осы жазылымға қатысты аталған әлеуметтік желі қолданушылары дүрлігіп кетті. Көпшілігі жазбаның таралуына атсалысса, қалғаны сауығып кеткенін тілеген. Қолданушылардың бірі операциядан кейін диагноз қою мүмкін болатын жағдайлар барын да айтуда.