Атырауда Құрманғазы ауданында 50 жастағы ауыл тұрғыны жоғалып кетті

Атырауда Құрманғазы ауданында 50 жастағы ауыл тұрғыны жоғалып кетті

Жоғалған адамды іздестіру жұмыстары екінші тәулік бойы жалғасуда. Құрманғазы ауданы Көптоғай селолық округінің Т.А. есімді тұрғыны 1 қаңтар күні үйінен белгісіз бағытта шығып, қайтып оралмаған.

"Іздестіру жұмыстарына Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 7 қызметкері, 1 бірлік техника, Құрманғазы аудандық полиция бөлімінен 2 адам, 1 бірлік техника, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері және жергілікті тұрғындар жұмылдырылды", –  делінген Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметте.

Баян Жанұзақова