Ақтөбеде 38 жастағы әйел үстіне қоқыс контейнері құлап көз жұмды
Ақтөбеде 38 жастағы әйел үстіне қоқыс контейнері құлап көз жұмды
Фото: t.me/POLICE_of_KZ
3,948
оқылды
Ақтөбеде қоқыс контейнері үстіне құлап кеткен әйел адам көз жұмды. Облыстық Полиция  департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 1 қаңтарда болған.
«102» телефонына «103» операторынан Сәңкібай батыр даңғылындағы үйдің ауласында адамға қоқыс жәшігі құлап кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Жедел-тергеу тобы контейнерді тиеу кезінде «КамАЗ» көлігінің көтергіш механизмі бұзылып, металл қоқыс контейнері ЖШС-ның 38 жастағы қоқыс жинау қызметкеріне құлағанын анықтады. Бірнеше сағаттан кейін әйел алған жарақаттарынан қаланың Көпсалалы облыстық ауруханасында қайтыс болды», делінген хабарламада.
Аталған дерек  бойынша Қылмыстық кодекстің 156-бабы 3-бөлігімен «Еңбекті қорғау ережелерін бұзу» сотқа дейінгі тергеу басталды.