Астанада 45 әуе рейсі кейінге шегерілді
Астанада 45 әуе рейсі кейінге шегерілді
Фото: inform.kz
587
оқылды
2023 жылғы 4 қаңтардағы жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана қаласына қонатын және осы қаладан ұшатын 45 рейс шегерілді. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті хабарлайды. Соның ішінде 26 рейс ұшып келуі және 19 рейс ұшырылуы тиіс болды. Атап өткенде, «Алматы-Астана» бағытындағы үш рейс тоқтатылып, тағы алтауы кейінге қалдырылған. «Петропавл-Астана» бағытында ұшатын рейс тоқтатылды. «Ақтөбе-Астана» бағытында ұшатын бір рейс кейінге қалдырылып, біреуі тоқтатылды. «Шымкент-Астана» бағытындағы төрт рейс күн райы тұрақталғанша кейінге қалдырылды. «Қостанай-Астана» бағытымен ұшатын бір рейс тоқтатылып, тағы біреуі кейінге қалдырылған. Сондай-ақ елордаға Түркістан, Қызылорда, Жезқазған, Атырау, Ақтау және Мәскеуден ұшып шығуы тиіс болған рейстер кейінге қалдырылды. «Астана-Петропавл» бағытында ұшатын бір рейс кейінге қалдырылған. «Астана-Алматы» бағытымен ұшуы тиіс болған төрт рейс тоқтатылып, тағы үшеуі кейінге қалдырылды. «Астана-Қостанай» бағыты бойынша ұшуы тиіс болған бір рейс тоқтатылып, тағы біреуі күн ашылғанша кейінге қалдырылды. «Астана-Шымкент» бағытындағы екі рейс кейінге қалдырылды. «Астана-Атырау» бағытындағы бір рейс кейінге қалдырылды. «Астана-Ақтөбе» бағытындағы екі рейстің бірі тоқтатылып, тағы біреуі кейінге қалдырылды. «Астана-Жезқазған», «Астана-Ақтау», «Астана-Қостанай» бағытындағы рейстер кейін ұшатын болды. «Астана-Түркістан» бағытындағы рейс күн райының бұзылуына байланысты тоқтатылды.