Түркістан облысында ауыл арасындағы көпір опырылып түсті
Түркістан облысында ауыл арасындағы көпір опырылып түсті
Түркістан облысында ауыл арасын байланыстыратын көпірді жаңбыр суы бұзып кетті. Түркістан облыстық маңызы бар КХ-57, Созақ-Қаратау бағытында орналасқан көпірді жаңбыр суы бұзып кетті. Әлеуметтік желіде жарияланған видеодан тұрғындардың қарсы бағытқа өте алмай қалғанын көруге болады. Ал, Созақ ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі ауыл арасын байланыстыратын жол тез арада қалыпқа келгендігін мәлімдеді.
«3 қаңтар күнгі қар аралас жауын мен қатты дауыл салдарынан Қаратау ауылдық округін аудан орталығымен байланыстыратын облыстық маңызы бар жолдағы көпірді жиналған су бұзып кетті. Қазіргі таңда бұзылған көпір маңайына қиыршық тас төселіп, тегістелді. Көлік қозғалысы мен ауыл округ арасында байланыс тұрақты» делінген хабарламада.