Құтқарушылар боранды күні жолға шыққандарға ескерту жасады

Құтқарушылар боранды күні жолға шыққандарға ескерту жасады

Құтқарушылар ауа райының бұзылуы туралы ескертуге қарамастан жолға шыққан азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертті. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты жолдардың жабық учаскелеріне рұқсатсыз кеткен жағдайда ӘҚБтК-нің 667-бабының 1-бөлігі бойынша жауапкершілік, 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылады. Яғни 103.500 теңге айыппұл немесе 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алу көзделген.