Бұл ипотекамен пәтерді тек Omir, Гост Р, Breeam, Leed сертификаттары бар тұрғын үйлерден алуға болады. Отбасы банкі «Жасыл ипотека» жаңа тұрғын үй бағдарламасының негізгі шарттарын жариялады. Бастапқы жарна: 20%, ал жылдық пайыздық мөлшерлеме: 12,5% (кейін 3,5-5%-ға дейін төмендейді), ЖТСМ: 13.3%, несие сомасы: 35 млн теңге. Айта кету керек, ипотекаға тек жаңа пәтер алуға болады, яғни қайталама нарықтағы пәтерлер бұл несиеге рәсімделмейді. Сондай-ақ пәтерді тек Omir, Гост Р, Breeam, Leed сертификаттары бар тұрғын үйлерден алуға болады. Тұрғын үй бағдарламасы биыл іске қосылады. Нақты уақыты әзірге белгісіз. Еске салсақ, төмен пайызды «Жасыл ипотека» туралы Отбасы банкінің басшысы Ләззат Ибрагимова алғаш рет былтыр маусымда хабарлаған болатын. Ол бұл жобаның бірінші кезеңі халықаралық қаржы ұйымдары, ал екінші кезеңі арнайы облигациялар шығару арқылы жүзеге асырылатынын айтқан болатын.
Ж.АСҚАРБЕК