Арнайы деректі фильм көрсетіледі
Арнайы деректі фильм көрсетіледі
352
оқылды
Jibek Joly телеарнасында Президент телерадиокешені түсірген «Бәрін өзгерткен Қаңтар» атты деректі фильмі көрермен назарына ұсынылды. Туынды авторлары қаңтардағы жаппай тәртіпсіздік кезінде бұзақылардың арам ойы неге іске аспай қалды, қорқыныш аурасы, хаос және шарасыздық туралы баян­дауға тырысқан. Фильмнің басты кейіпкерлері – бұзақылық кезінде елді қорғаған қазақстан­дықтар. Қарапайым азаматтар туып-өскен атамекенін қорғап жүріп ерлік көрсетті. Сондай-ақ деректі фильмде Қаңтар оқиғасына қатысты бұрын-соңды айтылмаған фактілер мен қатысушылардан алынған эксклюзивті сұхбаттар ұсынылады. Қаңтар оқиғасы мем­лекеттік төңкерістің сәтсіз әрекеті ғана емес, ел тарихындағы ең ірі лаңкестік шабуыл болды. Оқиға салдарынан 238 адам қаза тапты. Оның қатарында тұрғындармен қоса полицейлер мен әскери қыз­меткерлер де бар. Қаңтар оқиғасын ұйымдастыру­шыларға қатысты қылмыстық істер әлі де қаралып жатыр. Ал кейбір қатысушыларға Мемлекет бас­шысы рақымшылық жариялаған болатын.